Данил Мұсабаев әлем кубогында топ жарды

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данил Мұсабаев батут гимнастикасынан әлем кубогының жекелей сынында топ жарды, деп жазады BAQ.KZ. 

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында әлем кубогының кезеңі өткен. Осы жарыста қарағандылық Данил Мұсабаев жекелей бәсекеде топ жарды. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Виктория Бутолина 21 қатысушысының арасынан алтыншы орынға тұрақтады. Одан бөлек, Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Әлиев синхронды секіруден топ жарды. Қазақстандық спортшылар 51.940 ұпай жинады.

Екінші орынға Германия, ал үштікті португалиялықтар орналасты.

Әлем кубогына 16 елден 60-тан астам спортшы қатысты.

Баку қаласында батут гимнастикасынан әлем кубогы өтті. Алғаш рет Қазақстан тарихында Данил Мұсабаев жекелей сында чемпион атанды. Бұған дейін алтын болмаған. Синхронды секіруден де алтын алдық. Бұл сайыстан 2017 жылы да жеңіске жеткеніміз бар, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Вертянкин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар 24
Өзгелердің жаңалығы