Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына кірді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ирандағы қос бірдей жарыста чемпион атанған Даниал Рахматуллаев 284-тен бірден 189-орынға көтерілді.

Сөйтіп ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді.

Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды, қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, Әмір Омарханов – 265, Ілияс Маратұлы – 273, Данир Қалдыбеков – 391, Жақас Қозыбақ 442-орынға жайғасты. Заңғар Нұрланұлы 637-ден 537-ге жоғарылады.

Жасөспірім қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 141, Сандуғаш Кенжебаева – 156, Дана Байдәулет – 176, Айя Нұпбай – 193, Ульяна Романова – 403, Полина Слепцова – 447, Іңкәр Дүйсебай – 477, Дильназ Машабаева 498-орында келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz
Өзгелердің жаңалығы