Даниал Ахметов: Татарстаннан келген дәрігерлер тәжірибелерімен бөліседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн режимінде өткен брифинг барысында ШҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.
Қазіргі уақытта облыста коронавирус инфекциясына байланысты жағдай өзекті. Күн сайын науқастар саны еселеніп отыр. Өкінішке қарай, 1 маусымнан бастап COVID-19 жұқтырғандар қатары 135-тен 2313 адамға дейін немесе 17 есеге өсті.⠀
Осы ретте, "Д" жоспарына сәйкес 1770 инфекциялық, 1896 провизорлық және 2590 карантиндік төсек орын ашылды. 227 жансақтау орны жабдықталды. Зерттеу мен диагностиканың бірыңғай алгоритмі жасалды. Қолда бар 196 ӨЖЖ, 57 мобильді рентген-аппаратқа қосымша 50 ӨЖЖ, 10 рентген сатып алдық. Осылайша, 1 қыркүйекке қарай біздің облыстағы өкпені жасанды желдету құрал саны 246 жетеді, - деді өңір басшысы.Ол өз кезегінде Татарстан Президентімен келіссөздер жүргізетінін айтып, жақын арада Татарстаннан мамандар келетінін айтып өтті. ⠀
Татарстан Президенті Рустам Нұрғалиұлы Миннихановпен келіссөздер жүргізгенімді ерекше атап өткім келеді. Жақын арада Татарстаннан келген 20-дан астам тәжірибелі маман біздің дәрігерлерімізге бірқатар бағыт бойынша кеңес беру үшін ШҚО-ға арнайы келеді. Жалпы КВИ-мен күреске қосымша 148 дәрігер мен 212 медбикені тарттық. Барлық медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғаныс құралдарының 1,5 айлық қорымен қамтамасыз етілген. Айта кетейін, бүгінде біздің облыс стандарт талаптарына сай келетін қорғаныс костюмдерін өзімізде шығаруға кірісті, - деді Даниал Ахметов Іnstagram-дағы парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Өзгелердің жаңалығы