Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекті қараған емшінің не дегенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт 18 мамырда дүниеден өткен бұрынғы әріптесі Бейсен Құранбектің жақындарына көңіл айтты.
Қимас досым, жанашыр әріптесім, журналистика, оның ішінде телевизия журналистикасында құбылыс болған саңлақ - Бейсен Құранбектен айырылып қалдық, ағайын! Бейсенді қараған емшілердің бірі "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!" деген екен... Нардың жүгін арқалап жүріп, айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың, Бейсеке, - деп жазды Дана Нұржігіт.Ол Бейсен Құранбектің жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Соңғы деміне дейін қасында болып, кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға, әкесінің қос шынары - қыздарына, 90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз! Бақұл бол, досым!, - деді Сенат депутаты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемендегі темір гараждар аулалардың сәнін кетіріп тұр
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы