Дана Дидай әлем чемпионатында бокстан жүлде алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Дана Дидай күміс жүлдегер атанды, деп жазды aikyn.kz.
Д.Дидай 75 кг. салмақта соңғы бәсекеде үндістандық Санамача Чану Токчоммен жұдырықтасты. Жекпе-жекте жеңіс төрешілердің шешімімен (3:2) үнділік боксшыға берілді. Алайда, Дана осы біріншілік барысында әділетсіздіктің құрбаны бола жаздады. Өйткені, мажарстандық Богларка Варгамен жекпе-жегінде төрешілер жеңісті әуелі оның қарсыласына берген. Қазақстандықтар наразылық берген соң шешім қайта қаралды. Осылайша, әділдік орнап, қазақстандық қыздар чемпионатта екі күміс, үш қола медальға ие болды.
Осыған дейін Жасмин Қиззатова, Әсел Сағатова және Елдана Тәліпова қола жүлдегер, Жұлдыз Шаяхметова күміс жүлдегер атанған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досмұхамбетов: Өңіріміз алдағы жылдары жаңаша серпінмен дамиды
Өзгелердің жаңалығы