Дамир Исмағұлов: Конор жеңеді деп ойлаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "QAZSPORT" телеарнасы 19 қаңтар күні UFC-246 аясында өтетін Коннор МакГрегор мен Дональд Серроне арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Біз біраз үзілістен кейін UFC Қазақстанға қайта оралғанына қуаныштымыз. Естеріңізде болса, біздің арна өткен жылы осы ұйымның жекпе-жектерін көрсеткен болатын. Содан кейін көрсетілімдер тоқтап қалған еді, алайда, міне, біздің арнамызда қайта жанданып жатыр. Осыған орай осы жексенбі, яғни 19 қаңтар күні 246 нөмірдені UFC турнирінің негізгі бөлімі де, қосымша жекпе-жектері де тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл жарыста аса танымал МакГрегордың да қайта оралуы болады, сондықтан турнир керемет өтеді деген сенімдеміз, - деді "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин.
Оның айтуынша, телеарна UFC спортшысы, M-1 Challenge-дегі бұрынғы әлем чемпионы Дамир Исмағұлов пен спорт сарапшысы, еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның ММА әлем чемпионының бірі Айдар Махметовтың қатысуымен арнайы бағдарлама түсірген.
Бұған дейін елімізде UFC жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетілетінін хабарлаған болатынбыз.Халықаралық деңгейдегі қазақ ММА өкілі ретінде аралас жекпе-жек қазір өте жоғары деңгейде екенін айтқым келеді. Қазір UFC турнирлерін Қазақстанда көрсету басталады. Бұл өте маңызды іс-шара. Адамдар мұндай маңызды промоушн бар екенін білуі керек. Біздің спортшыларымыз UFC-ге барып, нәтиже көрсететін болады. Ал келер жекпе-жекке тоқталсақ, Конордың жеңетініне 60 пайыз сенімдімін. Әрине ол біраз уақыт төбелеспеді, алайда ол өз ісінің шебері. Қазір ол қатты дайындалып жатқан сияқты. Иә, Серроне де осал емес, ол тай боксын жақсы меңгерген, бірақ мен жеңіске ирландиялық спортшы жетеді деп ойлаймын, - деді Дамир Исмағұлов.