Дәмі тәтті, заңы қатты: Дубай шоколадының 13 мың данасы тәркіленді
Германия шекарасында Дубай шоколадын контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Шекарада 13 мың дана тәтті тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.
Неміс кедені контрабандалық шоколадтың үлкен партиясын алып бара жатқан жүк көлігін Чехиямен шекарада тоқтатты. Ішінен 13 000-ға жуық танымал Дубай тәттісі, сондай-ақ киім-кешек, сағаттар мен аяқ киім сияқты жалған брендтік тауарлар табылды.
Жүк көлігінің жүргізушісі – Швеция азаматы. Ол тауарды Болгарияда тиеп алғанын айтты. Алайда оның кабинасынан Түркиядан тауар сатып алғанын растайтын құжаттар табылған. Егер ол өнімді ресми түрде импорттаған болса, ол кедендік баж салығын төлеуі керек еді. Ал бұл жағдайда шоколадтың сомасы шамамен 10 000 еуроны құрайтын еді.
Жүк көлігінде тәттілерден бөлек 650 ыдысқа құйылған бал болған. Нәтижесінде жүргізушіге салық төлеуден жалтарды және кеден заңнамасын бұзды деген айып тағылып, бірнеше іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп адамзатқа төнген басты қауіпті атады
Келесі жаңалық
Бүгін Астанада 100-ге жуық жол апаты тіркелді
Өзгелердің жаңалығы