Дәмханадағы жанжал: Алматыда ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
Жарақаттанған адамға шұғыл ота жасалды.
Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған жанжал ауыр зардаппен аяқталды. Мойнынан пышақ жарақатын алған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалды.
Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде жасалған.
Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол – 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы ретінде болжанған пышақ тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды.