Дәмханада бұзақылық жасаған елордалық ұсталды

Қоғамдық орынға келген бұзақы айналадағының бәрін себепсіз қиратып, ыдыс-аяқты, орындықтар мен үстелдерді сындырып, мекеме мүлкіне зақым келтірген, деп хабарлады BAQ.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кафе әкімшісі полицияға арыз жазып, белгісіз ер адамның қоғамдық орында бұзақылық жасағанын айтқан. Оқиға орнына жедел барған полиция қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізген. Анықтау барысында ол 36 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, орташа дәрежедегі мас күйінде болған,- деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы