Дәмді әрі арзан: Демалыс күндері Астанада фермерлік жәрмеңке өтеді

17-18 қаңтар күндері Астана қаласында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті фермерлердің ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, наубайхана тағамдары, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 17 және 18 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді. Мекенжайы: Алаш тасжолы, 35Б.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы