Дамаскіге әуе шабуылы жасалды

Сирия астанасы Дамаскіге әуеден шабуыл жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Соның салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, 15 тұрғын жараланды. Бірнеше ғимарат қирады. Жергілікті билік бұған Израильді айыптап отыр. 

Ақпарат көздеріне сүйенсек, шабуыл Иран нысандарына жақын ауданда болған. Сарапшылар Израиль осылайша Тегеранның Сирия мен Ливандағы одақтастарға қару-жарақ жеткізуін тоқтатқысы келеді дейді. Израиль бұл жағдайға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aa.com.tr
Өзгелердің жаңалығы