+15

Дамаскіде шіркеуге жасалған лаңкестік әрекеттің ұйымдастырушылары ұсталды

Сирияның қауіпсіздік қызметтері Дамаскідегі Мар Элиас шіркеуіне жасалған лаңкестік шабуылдың ұйымдастырушысына және онымен байланысы бар қылмыстық топтың бірнеше мүшесіне қатысты арнайы операция жүргізіп, оларды ұстады. Бұл туралы SANA агенттігі 23 маусымда елдің барлау қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 сағаттан аз уақыт ішінде жүргізілген нақты операцияның нәтижесінде шабуылға тікелей қатысы бар адам мен бірнеше лаңкестік ұяшық мүшелері қолға түсті, – делінген ақпаратта.

Қылмыстық топ мүшелері халықаралық террористік ұйым "Ислам мемлекетімен" (ДАИШ) байланысы бар, олар ұзақ уақыт бойы шабуылды жоспарлаған. Құқық қорғау органдары күдіктілерден бірнеше жарылғыш белбеу мен атыс қаруын тәркіледі.

Еске сала кетейік, шабуыл 22 маусымда болған. Террорист алдымен шіркеуге кіріп, адамдарға оқ жаудырып, кейін жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, 25 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы