Дәленов Ұлттық қор қаржысын үнемдейтін бюджеттік ережелер әзірленетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бюджетті тиімді жоспарлаумен игеруге қатысты атқарылатын іс-шаралар туралы айтты.

Бюджеттік тимділікке үлкен назар аударылуда. Бұл бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне және тұтастай алғанда бюджеттік теңгерімділікті қолдауға байланысты. Шикізаттық емес сектор мен кірістерді дамытуды ынталандыру үшін Салық кодексіне түзетулер енгізу пакеті дайындалды. Ол жеке инвестициялар, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары, машина жасау, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, транзитті дамыту үшін ынталандыру шараларын көздейді, - деді Ұлттық экономика министрі.
Дәленов бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде де жүргізілетінін айтты. Ведомство мәліметінше 2020 жылға арналған имидждік іс-шараларға арналған шығыстар 10 млрд теңгеге қысқартылған.
Мемлекеттік тапсырмалардың бір бөлігі конкурстық Мемлекеттік сатып алуға ауыстырылды. Тиімділігі төмен шығыстар басым бағыттарға қайта бөлінді. Бөлінген қаражаттың қандай нәтиже беретінін жақсы түсіну үшін стратегиялық жоспарлар индикаторларының сапасын арттыру, соның ішінде олардың санын қысқарту арқылы жұмыс істейміз. Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін арттыру үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт кезең-кезеңмен 700 млрд теңгеден 2 трлн теңгеге дейін қысқартылады. Ұлттық қорда қаражатты көбірек үнемдеуге бағытталған бюджеттік ережелер әзірленеді. Бүгінде Ұлттық қор Тұжырымдамасына енгізу үшін өзгерістер дайындалды, - деді Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференцияда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы