Дәленов инвестиция көлемі төмендеген өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің онлайн өткен отырысында инвестиция көлемі төмендеген өңірлерді атады.
Негізгі капиталға 10,6 трлн теңге сомасында инвестициялар тартылды.13 өңірде инвестициялардың өскені байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Қарағанды облыстары, - деді ол.Министр кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар өсіп жатқанын айтты. Олардың өсуі 17,3%-ды құраған.
Құрылыс секторы өте жоғары өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 12,1%-ға өсті. Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады.12,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға жоғары, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экономиканы несиелеу 4,2%-ға ұлғайды - Дәленов
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы