Дәленов әкімдіктер назар аударуы қажет 6 мәселені атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде өз баяндамасында айтып берді.
Іскерлік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында.
Министр алты аспектіні бөліп жарып айтып берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық экономика министрі биылғы 9 айда елімізде қандай салада өсім болғанын айтты.Біріншісі – инвестициялар, яғни инвестициялық жобалар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету. Екіншісі – мемлекеттік бағдарламалар. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Индустрияландыру» және «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды белсенді іске асыру. Үшіншісі – несиелендіру бойынша бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында несиелендіру үшін шағын және орта бизнес жобаларын жедел іріктеу және қарастыру. Төртіншісі – қызмет. Яғни санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтай отырып, бизнес қызметін қамтамасыз ету. Бесіншісі – бағалар. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлеріне баға мониторингін жүргізу және бағаның өсуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау. Соңғысы – тиімділік. Яғни экономиканы қолдауға бағытталған бюджет қаражатын тиімді игеру, - деп атап өтті ол.