Дәленов қарамағындағы қызметкеріне сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жұмыстан кететінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакупов 3 жылға сотталды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сот шешімі шығып, заң күшіне енген кезде жұмыстан шығатынын айтты. Бұл туралы Bnews.kz жазды.
«Сот шешімі заңды күшіне енген кезде мен жұмыстан шығамын», - деді Руслан Дәленов.
Ұлттық экономика министрі бұл – бірінші басшының моральдық міндеті екенін атап өтті.
«Бұл – дұрыс практика. Жұмыстан кету – бірінші басшының моральдық міндеті. Оның қаншалықты кінәлі болғанын жоғары басшылық анықтайды», - деді Дәленов.
Айта кетейік, 29 мамырда елорданың Есіл аудандық сотында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакуповқа қатысты сот тыңдалымы аяқталды. Оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза белгіленді.
2019 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры 500 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталған болатын.