«Дала қазынасы». Ерекше монеталар сатылымға шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы мына коллекциялық монеталардың сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана.

KIIZ ÚI монеталарының бейнесі

- «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.  Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана. 

ÓMIR SHEJIRESI монеталарының бейнесі

 «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан. 

QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL монеталарының бейнесі

MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL монеталарының бейнесі

TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталарының бейнесі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық банк
Өзгелердің жаңалығы