"Ұлы дала халықтарының құндылықтары" атты конференция өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 20 қараша күні "Ел-шежіре" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркістан қаласында "Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының контекстіндегі жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау үшін алаң ұйымдастыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау", - делінген хабарламада.
Аталған шараға Қазақстанның барлық өңірінен сарапшы ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері және де Түркі тілдес елдерден, оның ішіндеТүркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа шетелдік сарапшылар қатысады.