Дәл қазір ревакциналаудың маңызы қандай?

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуына қарамастан зерттеушілер ревакциналаудан өтудің қажеттілігі туралы айтады, өйткені адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін сенімді қорғаныс қажет.

Алдағы уақытта аурудың өсуі популяциядағы омикрон штамының BA.4/ВА.5 субварианттарымен таралуымен байланысты болуы мүмкін, олар алдыңғы түрлеріне қарағанда иммунитетті айналып өту қасиетіне ие. Сонымен қатар аурудың өзінен басқа, коронавирустың жаңа нұсқалары постковидті синдромның дамуына әкелуі мүмкін, бұл жылдар бойы жағымсыз белгілердің жалғасуын, тіпті мүгедек болып қалу қаупін төндіреді, - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитенінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ревакцинация елімізде ауруханаға жатқызуға қарсы тиімді және аурудың ауыр, асқынған жағдайларына қарсы 98,6% тиімді. 

Сонымен қатар бұл постковидті синдромнан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес соңғы алынған екпеден немесе ауырғаннан кейін жарты жыл аралығымен қайта вакцинациялауға болады. Зерттеулер көрсеткендей, бірнеше рет жасалған вакцинациядан кейін антидене титрлері күшейе түседі, яғни COVID-19-дан қорғаныс жоғары болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы