ДАИШ содырлары Орталық Азияға соққы беруге дайындалуда

Алматы, BAQ.KZ. "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда күш алып Орталық Азияға соққы беру үшін плацдарм дайындап жатыр. 

Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Тегеранда өткен жиында айтты, деп жазды РИА Новости.

Бір жыл бұрын Ауғанстан қауіпсіздігі бойынша өткен біздің жиыннан бері ондағы жағдай жақсармады, керісінше шиеленісіп барады. Әсіресе, ДАИШ содырларының нығая түскені алаңдатады, - деді ол. 

Ауғанстан үкімет күші жүргізген бірнеше операцияның арқасында көптеген содырдың көзі жойылып, 600-ден астамы тұтқынға алынған. Алайда түрлі дерек бойынша Ауған жерінде 2,5 мыңнан 4 мыңға дейін ДАИШ содырлары бекінген көрінеді.

ДАИШ содырлары, әсіресе Ауғанстанның солтүстігіне бекінгісі келеді, қазір онда 2 мыңдай содыр бар. Олар Тәжікстан мен Түрікменстан арқылы Орталық Азия өңіріне өткісі келеді. Олардың негізгі тірегін елдің шығысында орналасқан. Онда қазір 1,5 мың жиһадшы бар, оның үстіне Пәкістан арқылы Сирия мен Ирактан жаңа содырлар келіп қосылуда. Олар Ауғанстан мен Орталық Азия аумағына Ұлы Хорасан құрмақ, - дейді Патрушев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы