Дағыстандағы Каспий жағалауында итбалықтар жаппай қырылып жатыр
Махачкала қаласының Киров ауданы маңындағы Каспий теңізінің жағасында 700-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Кавказ аумақтық басқармасының балық шаруашылығы бойынша федералдық агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, инспекторлар бүкіл ел аумағындағы Каспий теңізінің жағалауын тексеріп жатыр.
Жануардың өлекселері бұдан да көп болуы мүмкін. Итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.
Мамандардың айтуынша, тиісті деректер жинақталып, зертханалық тексерулер жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордалық кәсіпкер Qyzylorda брендімен шоколад шығарды
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы