«Дағдарысқа тап болған» отбасыларға қандай көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының қорытындысы белгілі болды. Мамандар жобаның жүзеге асырылуы туралы пікір білдірді.
Жобаның мақсаты – өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларға көмек көрсету саласында бірыңғай білім беру, ақпараттық-әдістемелік, ақпараттық-коммуникациялық, консультативтік кеңістік құру.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынған гранттық қаражат есебінен жүзеге асырылады.
«Замандас 21» қоғамдық қорының басшысы Ләззат Алшынова атап өткендей, орталық қиын кезеңге тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді.
Отбасылармен жұмыс істеудің тетіктері өте көп. Тек ата-аналармен ғана емес, балалармен де жұмыс істейміз. Оларға психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсетіледі, - деді ол.
Жоба үйлестірушісі Варвара Полякова жоба қиын-қыстау кезеңде отбасыларға жәрдемдесу кеңістігін кеңейтуге бағытталғанын айтты.
Жоба аясында «бір терезе» қағидаты бойынша құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау ұйымдастырылды. Консультациялар жексенбіден басқа күндері бірыңғай телефон нөмірі бойынша жүргізілді. Құжаттар мен жазбаша сұрақтарды қабылдау үшін электрондық пошта жұмыс істеп тұр, - деді Полякова.
Оның айтуынша, мамандықтарға оқыту курстарын ұйымдастыру да қарастырылған.
400-ден астам әйел жоба аясында ұйымдастырылған курстарда оқыды. Қызметтер нарығын талдау бүгінгі таңда сұлулық, тұрмыстық қызметтер және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар сұранысқа ие екенін көрсетті. Осыған байланысты келесі шугаринг шебері, кірпіктерді ламинаттау шебері, қасты ламинаттау шебері, клининг процесін ұйымдастыру шебері, тәтті букет жасау шебері, тігін шеберлігі курсы, аспаздық өнер шбері, СММ маманы бойынша курстар ұйымдастырылды, - деді ол.
Полякова атап өткендей, курс тыңдаушыларының 99% - ы әйелдер.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды, олар жұмысқа орналасуға көмектесті. Курс түлектерінің кәсіби өсуіне үнемі мониторинг жүргізіліп, консультациялық қолдау көрсетіліп жатыр. Біз осындай оқытулармен 500-ден астам әйелді қамтыдық, - деді ол.
Оның айтуынша, тренерлер мен консультанттар ретінде 10-нан астам белсенді көп балалы ана мен даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар тартылды.
Бізге жобаның бенефициарларынан алғыс пен көптеген пікір келіп түседі. Жоба соңында барлық пікір көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін жиналады.Қазақстан бойынша отбасыларды қолдау орталықтарының 300-ден астам қызметкері «Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.Оқыту мен кеңес беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, - деді ол.
«Замандас» клубынан оқытудан өткендердің бірі - көпбалалы ана Анаргүл Қуантқанқызы.
Мен клубтағы оқыту курстары туралы кездейсоқ білдім. Сөйтіп, балаларымды курстарға алып келдім. 4 балам арт-терапия, актерлік шеберлік, таэквондо сабақтарына қатысады. «Замандас» клубында өзім де онлайн курстардан өттім. Ұйымдастырушылар балалардың да, аналардың да көңілін тауып, игі іс атқарып жатыр, - деді көпбалалы ана.