Дағдарыс пен кедейлікте әлемдік дін көшбасшыларының ықпалы артады - Сауд Арабиясының министрі

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында Сауд Арабиясының Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі Абделатиф бен Абдулазиз Абдрахман Аль аш-Шейх мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз бұл форумға өте жоғары деген баға береміз. Өйткені ол өркениетаралық диалогты қалпына келтіруде тиімді рөлге ие. Дағдарыс, кедейлік пен бүлікшілік кезінде бүкіл әлемде діни көшбасшылардың адамдардың өміріндегі мәні мен ықпалы артады. Абдырау халінде жүргендер оларды шынықтыратын дүниені іздесе, үрей мен қорқынышқа бой алдырғандар Жаратушының оған ниеттестікте екендігін еске салатын жанды қажет етеді, - деп атап өтті Абделатиф бен Абдулазиз Абдрахман Аль аш-Шейх. 

 Сондай-ақ ол пандемияның әлемге қалай әсер еткеніне тоқталды. 

Адамзат қауымдастығының бір кемеде екенін байқадық. Азаматтар қоғамның бетпе-бет келген кедейлік, аштық, ауру сынды көптеген әлемдік проблемалар мен қатерлер жағдайында бір-бірімен серіктестікті сақтап қалуы тиіс, - деді Сауд Арабиясының министрі.  

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Діни форумға арнайы шақырылған делегаттардың қатарында Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы