Дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы жетекшісінің орынбасары Илья Скуб «отбасындағы жұп арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» жобасының қорытынды баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік қорғау басқармасына қарайтын дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен байланысқа дайын агрессорлармен жұмыс істейміз. Орталық 50 орынға шақталған. Әйелдер мен балалар қабылданады. Олар біздің орталықта жарты жылға дейін бола алады. Егер де осы кезеңде құрбан дағдарыстан шықпаса, агрессор тарапынан қысым тағы көрсетілсе, біз оның орталықта болуын бір жылға дейін ұзарта аламыз, - деді ол.
Оның айтуынша, орталықтағы кезеңде әйелдер мен балаларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген стандарт аясында көмек көрсетіледі.
Арнайы әлеуметтік көмектің 8 түрі бар. Әлеуметтік-экономикалық тараптан да көмек көрсетіледі. Егер адам ешқайда жұмыс істемесе, жұмыс тауып береміз. «Жұмыссыз» мәртебесін алып бере аламыз. Оған қоса балалармен психологиялық жұмыс жүргізіледі. Себебі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көп зардап шегетін бала болып есептеледі, - деді Илья Скуб.
Маманның айтуынша, құрбандарға заң жағынан да көмек көрсетіледі.
Біз АҚШ-тық әріптестеріміздің тәжірибесін де меңгердік. Олар қалай жұмыс істейтінін көрдік. Оны болашақта тәжірибеде қолданамыз. Біздің орталық 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің орталықта 1500 адамға көмек көрсетілді, - деді ол.Еске салсақ, елімізде психологтар мен студенттерге арналған арнайы оқу-әдістемелік құрал әзірленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы