Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 1 ақпанда еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалғанын хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында және Өскемен қаласында түнде кей жерлерде қалың қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы