Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің рөлі мүлде байқалған жоқ – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Бір сөзбен айтқанда, пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзыретке ие деп есептеңіздер. Министрлікке пандемиямен күрес жөніндегі күнделікті есептің және ақпараттың берілуін қамтамасыз етуді Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол бұл төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімдер жедел қабылдануы керегін айтты.
Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер үшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс, - деді ол.
Президент Үкімет тарапынан да қателер кеткенін айтты.
Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр? - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы