Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық, тек батыста және оңтүстікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары .
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы