Дүйсенбі, 10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі, 10 тамыз күні елімізде ауа райы құбылмалы болады. Оған елдің басым бөлігіндегі оңтүстік циклонның әсері бар, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Республиканың кей жерінде найзағай мен жаңбыр, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін. Сондай-ақ республиканың бірқатар бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман.
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 23 метр, бұршақ жаууы да мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жеріне тұман түседі.
Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Республиканың кей жерінде желдің екпіні 25 метр болады, шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерге тұман түседі.
Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.