Дәурен Абаев жемқорлар жайлы сериал түсіруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жемқорлар жайлы сериал түсірілуі мүмкін.
Министрдің айтуынша, әр сериалдың сюжетіне заңды әрі әділ жазасын алған жемқор шенеуніктің оқиғасын негіз етіп алу керек.
Біз бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ақпараттық салада бірлесе жұмыс істеудің үлкен әлеуеті бар деп санаймыз. Бұл тек жаңалықтар мен ақпараттық сүйемелдеуге ғана қатысты емес, сонымен қатар сериалдар, әлеуметтік жарнама және деректі фильмдерде идеологиялық түпкі мазмұнды дұрыс жеткізу өте маңызды. Біз әр сериалдың сюжетіне заңды әрі әділ жазасын алған жемқор шенеуніктің оқиғасын негіз етіп алуды ұсынамыз. Барлық жерде емес, кейбір сәттерге қосуға болады , – деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кендірлі демалыс орны маңында су тұщыту зауыты салынады
Өзгелердің жаңалығы