Дәурен Абаев: "Қалаулым" бағдарламасы жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласындағы "NurOtan" партиясының кеңсесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық қабылдау өткізді. Жиын барысында телеарналардағы рейтинг қуалап, арсыздыққа барып жүрген телебағдарламалар сөз болды. 


Алматыдан онлайн түрде қосылған танымал тележурналист, әлеуметтік желі белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы "Өз ойым", "Қалаулым", "Кел келінім" секілді бағдарламалардың жастардың тәрбиесіне әсер етіп жатқанын айтты.

Өз кезегінде министр "Өз ойымға" қатысты Жетінші арна басшылығымен және бағдарлама жетекішілерімен кездескенін айтты. Алдағы уақытта бағдарламада анайы тақырыптар қозғалмайтынына сенімді. Ол "Қалаулымның" да контенті жақсарып келе жатқанын айтты. 

"Былтыр маған "Қалаулымға" қатысты көп сын айтылды. Өзім "Қалаулымды" көрмеймін. Бірақ маған осы күні бағдарламаның күрт өзгергенін айтты. Алғашқы шыққан кезбен салыстырғанда контенті мүлдем басқа екен. Басқа тақырыптарды қозғайды. Енді сол секілді " Өз ойымда" бірте-бір қалыпқа келеді деп сенемін", - дейді Дәурен Абаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы