Дәрілерді 10 есе қымбатқа сатқан тараздық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрі-дәрмектердің жағдайын зерделеу бойынша құрылған топ жасаған рейд нәтижесінде 170 теңге тұратын Цеф3 антибиотигін Тараз қаласының 7 ықшам ауданында 30 ампуланы әрқайсысын 1500 теңгеге саудалап жатқан жерінен А.Б.Б есімді азамат ұсталды.
Дәрі-дәрмектер тәркіленіп, жинақталған материал шара қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.
Елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты дәрі-дәрмектердің жасанды түрде жетіспеушілігі, дәрі-дәрмектердің қымбаттауы, дәріхана қызметкерлері, медициналық мекемелер тарапынан сіздің заңды мүдделеріңіз бен талаптарыңызға немқұрайлы қарау фактілеріне тап болсаңыз, Республикалық біріңғай номерге: 8 (702) 000 24 94 немесе "Адалдық алаңы" жобалық офисінің ватсап номеріне: 8(705) 624 88 46 жолдасаңыз болады, - делінген хабарламада.Дәрінің сапасын анықтау мақсатында сараптамаға жіберіледі. Ол денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Сондықтан, базардан ешқандай құжаты жоқ дәрілік заттарды пайдаланбаған абзал.
"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бүгін "Ауыл береке" базарына зерделеу жүргізді. Нәтижесінде бірнеше қорап парацетамол, аскорбин қышқылы саудаланып жатқанын анықтады. Дәрілік заттардың сертификаты, сатуға рұқсат қағазы да жоқ.
Дәріханада ұзыннан тұрған кезектегі азаматтар бұл дәрілерді "жоқ" деп неше күннен бері әлеуметтік желіде дабыл қағуда.
103 пультіне хабарласып, полиция қызметкерлерін шақырып, заңсыз дәрі-дәрмекті саудалау бойынша хабарлама жасадық. Саудагерлердің дәрілерді кімнен, қалай жеткізгендігі туралы алдағы уақытта тергеу амалдары анықтайды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік - Шөкеев
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы