Дәрігерлерді рецептіні анық жазуға міндеттейді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Елімізде жаңа жылдан бастап тегін дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік жасайтын бейінді дәріханалар ашылады.

Қостанай қаласы №4 емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенованың айтуынша, жаңа жылдан бастап, науқастар емхана ішінен тегін дәрі-дәрмек алуына болатын бейінді дәріхана ашылады. 

Емхана меңгерушілері «СК-Фармация» және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тікелей жұмыс атқаратын болады. Ол дегеніміз, дәрі-дәрмектің тапшылығы мен кідірісінің алдын алады.

"Егер науқаста көп құрамды дәрі-дәрмекке жеке төзімсіздігі болса, онда рецепт дәрілік заттың саудалық атауында беріледі. Егер дәріханада рецептіде жазылған дәрі-дәрмектің қайсыбірі болмаса, фармацевт рецептінің көшірмесін алып қалады немесе арнайы журналға дәрі жөнінде ақпарат жазып, ал рецептінің артқы жағына берілген дәрінің санын жазады, яғни сіз дәрі-дәрмектерді толық алмайынша, рецептінің түп нұсқасын беруге асықпаңыз", - деп бөлісті Бисенова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы