Дәрігерлер ісі: Қамауға алынған анестезиолог бостандыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Күдебаев ісіне қатысты қамауға алынған анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты қолхатпен бостандыққа шағарды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады. 

Бұл туралы Ұлттық медициналық қауымдастықтың президенті Айжан Садықова айтты.

Оның айтқанын Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасында растады. Айжан Садықова Тұңғышбаев 2 қыркүйектен бастап қамауда отырғанын айтты.

«Ары қарай істің ашық және әділ тексерілетініне үміттенеміз», - деді ол.

Сонымен қатар, кеше №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевты ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандыққа шыққан болатын.

Естеріңізе сала кетейік, президент Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуына қатысты істі заңға сәйкес тексеруді тапсырған еді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы