Хубэйге күллі Қытайдан 25 мыңнан астам дәрігер келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хубэйге Қытайдың түкпір-түкпірінен 25 000 дәрігер келді.

Олар өз әріптестеріне коронавирустың жаңа түрімен туындаған пневмонияның өршуіне қарсы күресуге келді. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары, Хубэй провинциясының партия комитетінің тұрақты мүшесі Ван Хэшэн мәлімдеді. 

Бұл жөнінде Ria.Ru сайтында хабарланды. 

Бүгінгі таңда 217 медициналық топ жұмыс істейді, оның ішінде 25 633 медицина қызметкері Хубэй провинциясына медициналық көмек көрсету үшін жіберілген. Бұл санға армия жіберген әскери дәрігерлер кірмейді, - деді ол. 

Дәрігерлердің жалпы санынан қызметкері 181 медициналық топтан тұратын 20,374 медицина қызметкері Ухань қаласына жіберілді. Айта кетейік, 24 қаңтардан бастап жергілікті дәрігерлер науқастардың үлкен ағымын басқаруды тоқтатқандықтан, Ухань мен Хубейге қорғаныс киімдері мен маскалармен бірге мамандарды жібере бастады. 

Бүгінде коронавируспен күресудегі ең үлкен жауапкершілік дәрігерлердің мойнына жүктелгендіктен, оларды елде "ақ киімдегі періштелер" немесе "ақ халаттардағы жауынгерлер" деп атайды.

Жұма күнгі мәліметке сәйкес, 1716 дәрігер коронавирус жұқтырған, олардың алтауы қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы