Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдарғандар қатаң жазаланады.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Тоғжанов дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдарғандар қатаң жазаланатынын айтты.
Мемлекет басшысының нарықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес, Үкімет бірқатар шара қабылдайды. Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге бір жолға рұқсат беру өтінімдері қаралуда. Дәрі-дәрмектерге сертификат берудің жеделдетілген шаралары қолданады. Әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларын дәрі-дәрмектердің қоры бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін жеке дәріханаларды арнайы аралап өтетін мониторинг топтары құрылады. Қызуды төмендететін антибиотик препараттарын тек емдеуші дәрігерлердің кеңесі арқылы қолдануларыңызды сұраймыз. Өз бетімен емделу қауіпті, - деді ол.
Тоғжанов дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдарғандар қатаң жазаланатынын айтты.
Нақты іс-шаралар Қазақстан бойынша жүргізіледі. Дәрі-дәрмек айналасында қосымша қаржы тауып қалғысы келетін азаматтарға айтатыным: бұл тікелей президенттің құзырындағы сұрақ. "Кемедегенің жаны бір" ғой, бір-бірімізді қолдап, нақты шешімі бар жолмен жүру керек. Әлеуметтік желіде де жазбалар жүр. Сондықтан да президент осы мәселеге қатысты нақты тапсырма берді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Стационарлық емдеуге "Фавипиравир" препаратын қостық – министр
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы