Дәрі-дәрмек бағасы өссе, тікелей маған хабарласыңыздар – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмек бағасы өссе, тікелей маған хабарласыңыздар, деді ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Бүгінде барлық өңірде дәрі-дәрмекке негізсіз бағаның өсуін бақылайтын арнайы мобильді топтар бар. Осындай қиын кезеңде қиындықты пайдаланып, пайда табатын азаматтарға түбінде жақсылық болмайды. Бұл президенттің ерекше қадағалауында. Әрбір азамат осындай жағдай белгілі болса, тікелей маған хабарласуға болады. Арнавйы комиссия да жұмыс істеп жатыр. Жұмысты бірігіп жасау керек. Бүкіл ел хабар берсе, ондай азаматтарды тез анықтауға мүмкіндік болады, - деді ол.
Сондай-ақ, Тоғжанов сұлулық салондарының жұмысы неге тоқтатылғанын түсіндірді.
Мен олардың жұмысын тоқтатпауды қолдайтын едім. Алайда бас санитарлық дәрігер бар. Шаштараздар мен сұлулық салондары аурудың ошағы болып саналады. Себебі, онда тікелей қарым-қатынас жүзеге асырылады. Сондықтан енгізілген барлық талапты ұстануға шақырамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы