Дәретхана мәселесі: Павлодар облысында 11 мыңнан астам бейнекамера орнатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс-Баян өңіріндегі 356 мектептің тек қана бесеуінде бейнебақылау жүйесі жоқ. Алайда, бұл мәселе келесі жылдың өзінде шешілуі тиіс.
Білім беру басқармасының ақпараты бойынша Павлодар облысының оқу мекемелерінде 11439 бейнекамера орнатылған. Мектептерде 5324, бала бақшаларда 4754, ал, колледждер, бала бақшалар және қосымша білім беру нысандарында 1361 бейнекамера орнатылған.Биылғы жылы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мектетптеріне 2900 бейнекамера сатып алу және орнату үшін 111 миллион теңге қарастырылды. Өңірде бес мектеп қана бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған, олардың бәрі Шарбақты ауданында орналасқан. Олар – 10 баладан аз оқушы білім алатын шағын комплектілі мектептер. Осыған қарамастан 2020 жылы бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын, - дейді білім беру басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Әлекпарова.
Білім беру басқармасы атап өткендей, "қырағы көз" оқу мекемесінің сыртында және ішінде болып жатқан жайттың бәрі көріп тұрады. Бейнекамералардың жазбалары 30 күн бойы сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алған
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы