Дүрбелең болған жоқ: Атамқұлов көмірге байланысты жағдайды баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.  

Ол 2019-2020 жылғы жылыту маусымы тұрақты режимде өткенін айтты.

 
Бұл кезеңде 24 технологиялық бұзушылық болды. Бұл 2018-2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 33 жағдайға аз. Барлық технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында шамамен 44 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде 24,1 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға, 2,7 млн тонна коммуналдық тұрмыстық сектор және халыққа жөнелтілді, - дейді Бейбіт Атамқұлов.
Оның айтуынша, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2019-2020 жылға коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктер мен халықтың көмір өніміне деген тұтыну жоспарын жасады. 

Апта сайын мониторинг жүргізіліп отырды. Көмір тапшылығы болған жоқ. Әкімдіктердің көмірді ерте сатып алуының арқасында сұраныс күрт артқан кезде де дүрбелең болған жоқ. Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық берешегі 13 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн теңгеге көп (2019 жылы - 12 286 млн теңге), - дейді министр.
Берешегі ең көп өңірлер: 

Алматы қаласында - 2 млрд 177 млн теңге;
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 млрд 928 млн теңге;
Шымкент қаласында – 1 млрд 924 млн теңге;
Маңғыстау облысында – 1 млрд 525 млн теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы