Дәмханадан түстенген полицей жұмысынан қуылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп тұрған дәмханадан түскі ас ішкен полицей жұмыстан босатылды. Тәртіп орнатам деп жүріп тәртіпсіздігімен ұсталған ол бұл салада 25 жыл қызмет атқарған екен.
Жалпы карантин енгізілгелі Шымкентте погондылардың режим бұзуы алғаш рет емес. Бұған дейін шенділер блок бекеттен рұқсатсыз адам өткізем деп шектеу бұзған еді. Олардың үшеуі қызметтен кетті.
Мен ол азаматтан не үшін дәмханаға барып жүргенін сұрадым. Ол ашық болғасын, рұқсат берген шығар деп ойладым деді. Қазір біз оны жұмыстан босаттық - дейді Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов.
Күшейтілген режимде шымкенттік полицейлер марапаттан да құр қалып жатқан жоқ. Осы күнге дейін қала әкімі 33 тәртіп сақшысына сыйақы тағайындаған. Ал, қаладағы қылмыс саны 40 пайызға азайыпты. Ералы Жұмаханбетов сөзінше соңғы кезде қалада тек телефон ұрлығы тіркелетін болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстан облысына 100 мың экспресс-тест жеткізілді
Өзгелердің жаңалығы