Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия мен Әзірбайжан азаматтары Алматыдағы азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұл қылмыстық топқа төрт ер адам кіреді, олардың екеуі – шетелдіктер. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, қаскөйлер тек азық-түлік дүкендеріндегі ұрлықпен айналысқан.Олар, түн жамылғанда әрекет етті. Күдіктілер шағын дүкендерге кіріп, өздерімен бірге тұтынушылық тауарларды алып кеткен. Кейбір жағдайларда дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндірген. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзірбайжан азаматтары екендігі анықталды, тағы біреуі – біздің жерлесіміз. Жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасуда. Біз бұл азаматтардың тағы қанша қылмыс жасағанын нақты анықтайтын боламыз, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Күдіктілер қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы