6 Сәуір 2025 2025, 18:43 Фото: Абай облысы әкімдігі

Cу тасқыны: өңірлердегі жағдай қандай

Қазақстанда көктемгі су тасқынына байланысты бірнеше өңірдегі су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда көктемгі су тасқынына байланысты бірнеше өңірдегі су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 сәуірдегі мәлімет бойынша, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқынының шарықтау кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта мына су қоймаларынан су жіберілуде:

  • Ақмола облысы: Астаналық су қоймасынан – 230,56 м³/с, Селетинскіден – 151,74 м³/с, Шағлыдан – 15,21 м³/с.
  • Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен су қоймасынан – 450 м³/с, Бұқтырмадан – 436 м³/с.
  • Абай облысы: Шүлбі су қоймасынан – 740 м³/с.
  • Қарағанды облысы: Интумак – 8 м³/с, Самарқанд – 2 м³/с.
  • Ұлытау облысы: Кеңгір – 234,8 м³/с.
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Сергеев – 1186,4 м³/с, Петропавл – 718 м³/с.

Су ағызу жұмыстары елдімекендерді су басудан сақтау үшін жүргізіліп жатыр.