Cу тасқыны болған өңір түлектеріне қандай жеңілдік бар

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп түлектеріне хабарландыру жасады.

Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар.

Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша қалауыңыз бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз, - деп ескертеді орталықтан.

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың талапкерлері грант конкурсына құжатты 13-24 шілде аралығында тапсыра алады.

Еске сала кетейік, биылғы талапкерлердің 77 пайызы негізгі ҰБТ-ны тапсырып үлгерді.

Науқан басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 77% — қазақ тілінде, 23% — орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Орташа балл — 70. Ең жоғары балл — 140. Оны ҰБТ алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы