Cу тасқыны: 36 745 адам өз үйлеріне оралды
Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталуда. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде хабарлады.
«Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жалғасуда. Су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жүргізілуде», - деді спикер.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала құтқарылып, эваакуацияланды. Республика бойынша 36 745 адам өз үйлеріне оралды. 6 909 адам эвакуациялау пунктерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылды.