CTS елордада автобустарда тегін жүруге қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. CTS еліміздегі Төтенше жағдай режиміне байланысты жолаушыларға жеңілдік жасады.
Бұл туралы CTS хабарлады.
Құрметті жолаушылар! Мобильді интернет жұмысындағы үзілістерге байланысты QR арқылы төлеу мүмкін болмай қалуы екенін еске саламыз. Бұл кезеңдерде көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері билетсіз жүрген жолаушыларды түсірмейді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жол жүру ақысын тұрақты төлеу көлік картасы арқылы жүзеге асырылады. Оны RTVM-автоматтары арқылы толтыруға болады.
Мобильді интернет және QR арқылы төлемді қалпына келтіру кезеңінде жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес жол жүру ақысын жауапкершілікпен төлеуіңізді сұраймыз, - деп жазды Instagramm парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы