«Creative summer»: астаналықтар үшін демалыс күндері ерекше бағдарлама дайындалды

1 маусым мен 31 тамыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін әр сенбі және жексенбі күндері «Creative summer» жазғы жобасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның алаңында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, флешмобтар ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты біртұтас мәдени мұраны жаңғырту мақсатында әртүрлі жас ұрпақтарын тарту, патриотизмнің біртұтас рухын қалыптастыру және ұлттық мәдениеттің маңыздылығын нығайту болып саналады.

Қонақтар үшін балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, флешмобтар, сондай-ақ көше суретшілерінің, шахматтың, мультижанрлық әртістердің, аниматорлардың қатысуы сияқты бірқатар стационарлық ойын-сауықтар ұйымдастырылады.

20 шілдеде қала алаңында жоба аясында сағат 11:00-ден бастап аниматорлар өнер көрсетеді, сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін «Сабантуй» татар мерекесін ұйымдастырады, ал сағат 15:30-дан бастап «Бонус» студиясының екі сағаттық концерттік бағдарламасы өтеді.

Жексенбі, 21 шілдеде «Жерұйық» саябағында аниматорлар өнер көрсетеді, плэнер өткізеді. Басталуы сағат 16:00-де. Ал 17:00-ден 18:00-ге дейін Қуыршақ театрының қойылымын тамашалауға болады.

Сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін Цирк Дю Салем өнер көрсетеді, ал сағат 19.00-ден 20.30-ға дейін әлеуметтік билер жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы