2019 жылғы екі сессия: Қытай елшісі "сауда соғысының" Қазақстанға әсері туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кейбіреулер Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасына «іріткі» салу үшін барлық жағдай жасайтынын байқадым, бірақ бұл мүмкін емес. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо айтты.

Жақында Бейжіңде 13-ші Қытай Халықтық Саяси Консультативтік Конференциясының екінші жиналысы және ХІII жалпыұлттық Халықтық Конгресінің (екі сессия деп аталатын) екінші отырысы сәтті өтті. ​ Жыл сайынғы екі сессия - қытайлықтардың саяси өміріндегі басты оқиға ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлемнің Қытайды түсінуі үшін маңызды терезе.

Жыл сайынғы екі сессия - қытайлықтардың саяси өміріндегі басты оқиға ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлемнің Қытайды түсінуі үшін маңызды терезе.

Соңғы кездері, түрлі кезекті жиында, қазақстандық достар менен екі сесияның жағдайы жөнінде сұрауда. Қазақстандағы Қытай елшісі ретінде мені бұл жағдай өте қуантуда, бұл қазақстандықтардың қытай мен қазақ-қытай арасындағы қарым-қатынастардың дамуына үлкен мән беретінін көретеді. Биылғы екі сессияда көптеген маңызды мәселе қарастырылды. Сіздерді сессияда келтірілген негізгі төрт аспектімен таныстырамын.

Біріншіден, қытай экономикасы орта және жоғары жылдамдықта өсуді жалғастыра береді және болашағы өте жарқын болмақ. Премьер-министр Ли Кэцян бұл туралы екі сессияның «Үкіметтік баяндамасында» нақты түсініктеме берді: өткен жылы Қытай сыртқы қысымға төтеп беріп, ЖІӨ көрсеткіші әлемде екінші орынға ие болып, 6,6% немесе 13,6 трлн долларға жетті;

Жан басына шаққандағы орташа табыс 6,5% немесе 4 200 АҚШ долларына өсті, қалалық жерлерде жұмыс істейтін адамдар саны 13,61 млн-ға жетті, ал жұмыссыздық деңгейі 5% шамасында тұрақтанды; жаңадан салынған жоғары жылдамдықтағы теміржол 4100 шақырымға созылып, жалпы ұзындығы 29 000 шақырымды құрады, бұл әлемдегі жалпы жылдам теміржол көлемінің үштен екі бөлігін құрайды; ұзындығы 6000 шақырымнан астам жаңа жолдар салынып, қалпына келтірілді, ел бойынша жалпы ұзындығы 140 000 шақырымға созылған жол торабы бар. Жоғарыда келтірілген деректер Қытайдың экономикалық өсу қарқыны 2017 жылға қарағанда біршама төмен екеніне қарамастан, әлемдік экономикалық өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары, ал жалпы жұмыс тұрақты және ірі құрылыс жобалары, оның ішінде инфрақұрылым бұлжымай дамығанын көрсетеді. Бұл халықаралық көпжақты сауда жүйесіндегі проблемалар, экономикалық жаһанданудың сәтсіздігі және әртүрлі елдің экономикаларына қысым ету жағдайында орын алып отыр. Қытай экономикасы, шын мәнінде сыртқы күштерге төтеп беріп, өзінің табандылығы мен өміршеңдігінің арқасында мақтауға тұрарлық жетістіктерге қол жеткізуде.

Мен Қытайдың экономикалық даму перспективаларына сенімдімін. Биыл Қытайдың ІЖӨ 6-6,5%, қалаларда жұмыс істейтін адамдар саны 11 млн-ға жетіп, жұмыссыздық деңгейі шамамен 5,5% деңгейінде тұрақтанды. Қытай Коммунистік партиясының мықты басшылығымен қытайлықтар алдағы мақсаттарға табандылықпен қол жеткізе алады деп сенемін.

Екіншіден, «Шетелдік инвестициялар туралы заң» қайта қаралып, мақұлданды. Бұл заң жоба талқылаудан кейін бүкіл әлемнің назарын аударды. Шетелдік инвестициялар туралы заң Қытайға инвестиция салуға мүдделі барлық елдің инвесторлары үшін басты оң фактор болып табылады және негізгі оң өзгерістердің үш аспектісінен тұрады : Біріншіден, кірудің шегі төмен, әрбір жеке іс-әркеттер нақты жағдайда қайта қарауды қажет етпейді және «ұлттық режим» негізінде жүзеге асады; Екіншіден, ауқым кеңейеді: шетелдік инвестицияларды шектейтін салаларды Қытай теріс тізімге енгізеді және бұл тізім толығымен ашық болады; Үшіншіден, заң жүзінде қорғалу одан да күшейе түспек: Қытайда заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпорындар, шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделері заңға сәйкес қорғалады.

Шетелдік инвестициялар туралы заңның енгізілуі Қытайдың реформаны тереңдетуге және оның ашықтығын кеңейтуге арналған соңғы шарасы болып табылады және сонымен бірге Қытайдың инвестициялық ортасының ашықтығын, айқындығын және жайлылығын арттырады. Одан шыққан белгі өте айқын: Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Қытайдың ашық есігі жабылмайды, ол тек қана кеңінен ашыла береді» деп уәде берді; екіншіден, Қытай заң үстемдігі бар мемлекет ретінде заңды түрінде толық ашықтықтың жаңа үлгісін ұстанады.

Үшіншісі, Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы «сауда-саттық соғысы» деп аталатын алаңдаушылықтарға жауап беру. Бүгінгі әлемдегі жалғыз держава ретінде Америка Құрама Штаттары Қытайға қарсы «сауда соғысын» ашып қана қоймай, сонымен қатар Канада, Үндістан, Австралия және Еуропалық Одақ сияқты дәстүрлі одақтастарға «үлкен таяқ» бұлғап, салық орнатты. Қытай-америкалық «сауда соғысы» қайда барады? Ол Қытай мен АҚШ арасындағы ауқымды соғысқа айналады ма? Әлемдік экономикаға, оның ішінде Қазақстанға қалай әсер етеді?

Осыған байланысты Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И мырза бұл жөнінде екі сессияның баспасөз мәслихатында өте нақты мәлімдеді. Қытай-Америка қарым-қатынастары әрдайым ынтымақтастық пен қатар қайшылықтармен бірге өмір сүреді, бірақ ынтымақтастық әрдайым араздықтан басым болады. Соңғы уақытта екі ел арасындағы алауыздықтар мен қарама-қайшылықтар шынымен артты. Бірақ ынтымақтастық әлі күнге дейін Қытай-Америка қарым-қатынастарының негізгі ұстанымы болып табылады. Бұл екі ел басшыларының өзара келісімі және білікті де білімді тұлғалардың бірауызды консенсусы (позициясы). Қандай да бір «қырғи-қабақ соғыс» туралы ескі ой-пікірлерді қозғау уақыттың үрдісіне қайшы келіп, шығуға жол бермейді және тіптен алғанда беделден айырады. Жақында Қытай-АҚШ экономикалық және сауда консультациялары елеулі прогреске қол жеткізді және халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапты.

Қытай мен Америка Құрама Штаттары бұрыннан барынша интеграцияланған. Өткен жылы Қытай мен АҚШ арасындағы екі жақты сауданың көлемі 630 миллиард доллардан асты, екі жақты инвестициялар 240 миллиард доллардан асады және қызметкерлер арасындағы алмасу тәжірибесі 5 миллионға жетті. Кейбіреулер Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасына «іріткі» салу үшін барлық жағдай жасайтынын байқадым, бірақ бұл мүмкін емес. Мемлекеттік кеңесші және сыртқы істер министрі Ван И мырзаның айтуынша, Қытайдан «бөліну» болашақтан бөліну мен мүмкіндіктерден айырылу дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл - әлемнен «бөліну». Менің ойымша, есі дұрыс адам мұндайға бармайды.

Төртіншіден, «Бір белдеу, бір жол» төңірегіндегі күмәнді айқындап алу. 2013 жылдан бастап, Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құруды ұсынды, соңғы бес жылда Қытай, Қазақстанды қоса алғанда 123 елмен, 29 халықаралық ұйыммен бірге «Бір белдеу және бір жол» ынтымақтастығы туралы 171 құжатқа қол қойды. «Бір белдеу, бір жол» қазіргі таңда әлемдегі ең танымал ортақ игілікке айналды. Дегенмен, халықаралық қоғамдастықта «Бір белдеу, бір жол» идеясын кейбіреулер қаралап, бұл қытайлықтардың басқа елдерге қазған «борыштық шұңқыры» екенін айтқан. Осыған байланысты Мемлекеттік кеңесші және Сыртқы істер министрі Ван И, «Бір белдеу, бір жол» бұл «тұзақ» емес, халықтың игілігі үшін жасалған ортақ «бәліш»; геосаяси құрал емес, дамудың ортақ мүмкіндігі» деген.

Бұл мәселе төңірегінде де, қазақстандық достар көп ой айтады. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары кезінде «Бір белдеу, бір жол» идеясын алғаш ұсынғандықтан, Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығына қатысушы алғашқы елдердің бірі болып табылады. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы Қытайға да, Қазақстанға да елеулі пайда әкелді. Өткен жылы мысал ретінде «Бір белдеу, бір жол» экспрессі Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемін 19.985 миллиард долларға дейін арттырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,47% артты; Қазақстанның Қытайға экспорты 8.535 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 34,26% артты, оның ішінде ауыл шаруашылығының экспорты 37,6% өсті. Өткен жылы Қытайдың тікелей инвестициясы, Қазақстанның қаржы секторына 400 миллион АҚШ долларын құйды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119% көп. «Бір белдеу, бір жол» аясында, Қазақстан Еуразияның қазіргі заманғы көпірлеріне арналған транзиттік тораптарының біріне айналды, бұл 50 000-нан астам жаңа жұмыс орны мен 460 млн АҚШ долларынан астам тікелей экономикалық пайда әкелді.

Жақында парламенттің жоғарғы палатасының төрайымы Дариға Назарбаева ханым Forbes сайтына берген сұхбатында «Бір белдеу, бір жол» Қазақстанға қауіп төндірмей, керісінше көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Соның ішінде, көлік әлеуетін арттырып, сауда өсімін ынталандырды. «Бір белдеу, бір жол» елге үлкен инвестиция әкеліп, сонымен қатар өңірлердің теңгерімді түрде дамуына көмектеседі және прогреске бірге қол жеткізеді. Қазақстандық ұрпақтың және болашақ ұрпақтың басты міндеті – осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана отырып, ел мүддесіне қызмет ету». Мен бұл пікірмен толықтай келісемін.

Осы жылдың сәуір айының соңында Пекинде екінші «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық саммиті өтеді. Бірнеше күн бұрын мен жеке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырзаның атынан Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев мырзаға шақыруды жеткіздім. Біз бүкіл әлем достарының Пекинде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрылысын талқылау үшін жиналады деп күтеміз. Сондай-ақ, бейбітшілікті сүйетін және бүкіл әлемде өрлеуге ұмтылған адамдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында «Бір белдеу, бір жол» ұғымы адамзат тағдырын қалыптастыруға қуатты серпін беретініне сенемін.

Рахиля Бекназарқызы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы