Cпорттық гимнастикадан ел құрамасы Францияда жаттығуға кірісті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Команда бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, спортшылар күн сайын дайындық кезеңінен есеп беріп отыр.

Бір апталық жаттығудан соң спортшылар Олимпиадалық ауылға қоныстанады.

Ал спорттық гимнастикадан жарыс 27 шілде күні басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы