Cпортшы Қуат Хамитов полицияға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың дезинфекциялаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Хамитовтың қатысуымен зорлық-зомбылыққа шақырған бейнеролик зерттелген. Факт ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Азамат Хамитов тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралар кешенінің нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Оның іс-әрекетіне принципиалды баға беріледі, - деді Алматы қалалық кеңесінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан қаласының жаңа әуежайының жоспарланған рейстері
Өзгелердің жаңалығы