Цой «Спутник V» вакцинасы өндірілетін зауытқа барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы делегация құрамында Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Covid-19-ға қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын өндіріске қосты.

Қазақстан Республикасының Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы уағдаластық бойынша 6 мың доза «Спутник V» вакцинасының тәжірибелік партиясы шығарылып, оның сапасын тексеру үшін РФ-на жіберілді.

Вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған, себебі мұнда халықаралық стандарттарға жауап беретін қажетті инновациялық жабдық бар.

Вакцина өндірісін 2021 жылдың қаңтарында толық басталады деп жоспарлануда. Зауыт ай сайын кем дегенде 300 мың доза шығарады.

Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасын 2021 жылдың ақпан айында жаппай саламыз. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтарға, сондай -ақ созылмалы ауруы бар азаматтарға  тегін болады, - деді Мамин.

Алдын ала қажеттілік бойынша, иммунизацияның екі еселік кестесін ескере отырып, халықтың 20% иммундау үшін 6 млн дозадан, халықтың 50%  үшін 20 млн дозаға дейін қажет. Вакцинаға қажеттілік бойынша нақты  деректер қалыптастырылады.

Қазіргі уақытта КВИ-ға қарсы вакциналардың ерекшеліктерін ескере отырып, вакцинациялау тактикасы мәселелерін қамтитын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспарды дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоспарға сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинация жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізетін медициналық ұйымдардың қолданыстағы егу кабинеттерінің базасында ұйымдастырылады. Бұл ретте басымдық бойынша иммундауға жататын топтарды бөле отырып, вакцинациялауды кезең-кезеңмен жүргізу көзделеді, - деді А.Цой.

Бастапқыда медицина қызметкерлерін, бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары мен жедел медициналық жәрдем персоналын, сондай-ақ кәсіби қызметінің сипатына қарай жұқтыру қаупі жоғары, қашықтықтан жұмыс істеу қиын немесе педагогтар мен полицейлерді вакцинациялау көзделеді. Ресей Федерациясы 30 мың еріктінің қатысуымен 2020 жылдың тамызында клиникалық зерттеулердің III кезеңін өткізуге кірісті. Серіктестердің айтуынша, зерттеулер 2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады. Зерттеулердің алдын ала нәтижелері вакцинаның 91% деңгейінде қауіпсіздігі, иммуногенділігі мен тиімділігі жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы