Цой Pfizer-дің 4 млн дозасы жеткізілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Pfizer бойынша қорытынды келісімшарт жасалды. Бұл белгілі бір уақытты алатын процедура. Әлі де бірнеше құжат бар. Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарлап отырмыз. Вакцина төртінші тоқсанда келеді деп ойлаймын. Әр өңір тоңазытқышпен жабдықталып жатыр. Ол - минус 80 градусқа сай болады. Барлық жағдай жасалады. Оған барлық егу пункті дайын. Жалпы сақтау шарты барлық вакцинадағы сияқты болмақ. Айырмашылық тек температура мен сақтау режимінде ғана болады, - деді ол.
Цойдың айтуынша, Pfizer вакцинасының келуі халықты қамтуды арттырады.
12 жастан асқан балаларды ата-ананың рұқсатымен вакцина егу жүзеге асырылады. Бұл ұжымдық вакцинаны қалыптастырады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы